2013 жылдың 8 наурызы күні Облыстық Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің әр жастағы нәзік жандарының арасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктемгі калейдоскоп» атты байқау өтті. Облыстық Достық үйінің фойесінде мерекеге келген қонақтарды ұлттық костюм киіген жас жігіттер, мерекелік лебіздер білдіріп қарсы алды. Көктемгі гүлдермен тамаша безендірілген залда, мерекелік көңіл-күйді көтеретін әдемі музыка ойнап тұрды.
Көктемгі мереке 2 бөлімнен: байқау және концерттік бағдарламадан тұрды. Мерекелік шараны Облыстық Достық үйінің директоры Э.Т. Төлеубеков ақжарма құттықтау сөзімен бастады, бұдан соң залда отырған барлық әйелдерге әдемі гүлдер мен ЖШС «Тала» фирмасының тәтті сыйлықтары тапсырылды.Байқау үш кезең бойынша жүргізілді. Қатысушыларға жас ерекшеліктеріне қарай тапсырма берілді. Байқауда, қатысушылар өзінің бар өнерін салып, сұлулығы мен шеберлігін көрсетуге тырысты. Әйелдер бес қолынан бал тамған аспаз екендерін көрсетіп таңдандырса, бойжеткендер ұлттық аспап туралы не білетіндіктерін көрсетсе, кішкентай қыз балалар өздерінің сүйікті ұлттық ойыншықтары туралы көрермендерге айтып берді. Қазылар алқасы этномәдени бірлестіктердің ерлерінен құрылды. «Әйел көркі шаш» демекші, қатысушылармыз сахна төріне «Fa Son» шаштараз өнер орталығы сәндеген әдемі шаш үлгісімен шықты. Әр қатысушыдан әдеміліктің, нәзіктік пен қуаныштың шабыты есіліп тұрды. Байқауға қатысушылар номинация бойынша бағалы сыйлықтар мен әдемі көктемгі гүл шоқтарымен марапатталды.Мереке, Облыстық Достық үйінің ерлерінен құрылған шығармашылық ұжымының тамаша концертімен жалғасты. Олар, көк желекті көктемнің осындай шуақты мерекесінде, барша әйелге тамаша көктемгі көңіл күй мен қуаныш сыйлады.Мереке соңында барлық көрермен Облыстық Достық үйінің жаңа вокальды-аспапты ансамблінің тұсаукесеріне және биге шақырылды.Мерекеге 200-ден астам адам, сонымен бірге «Реал-тайм» түсіру тобы, БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық Достық үйі


