25-02-2018
2018 жылдың 25 ақпанында Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Шешен-ингуш этномәдени бірлестіктерінің «Вайнах» хореографиялық ансамбілінің есеп беру концерті өтті. Өткізілген мерекеге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Бұл мереке Кавказ мәдениетінің көп қырлы шығармашылығын көруге мүмкіндік берді. Есеп беру концертінің бағдарламасында, вокалды-хореографиялық және аспаптық композициялар орындалды. Іс-шараның соңында көрермендер лезгинка биін бірлесе биледі.