«Этносаралық қатынастардың нысандары» конференциясы

24-05-2021

«Этносаралық қатынастардың нысандары» конференциясы

22.05.2021 жылы ZOOM платформасында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттеріне «Ұлтаралық бірлікті нығайту» тақырыбында дәріс өткізілді. Конференцияға 50-ден астам студент қатысты.

Шүршітбай Майра Шүршітбайқызы - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, спикер ретінде сөз сөйледі.

Дәрісте Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу тарихы, негізгі функциялары және бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстары жайлы сөз қозғалды. 

Дәріс жүргізуде өз үлесін қосып, білімімен бөліскен Шелепов Виктор Михайлович - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты болды. Ол бүгінгі таңдағы қоғамдық сананы жаңғырту және ұлтаралық қатынастар мәселесін көтерді. 

Ұлтаралық қатынастардың мәдени деңгейін көтеру тақырыбын талқылаған дәріскерлерге студенттерден де көптеген сұрақтар қойылды. Айта кетсек, қызығушылық білдірген жастар «Тәуелсіздік кезеңінде қиыншылықтар туындады ма?», «Ұлтаралық қарым-қатынастардың бұзылмауының алдын алу жолдары қандай?» «Ұлтаралық бірлікті нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясы қандай жұмыстар атқаруда?» сынды сұрақтарға жауаптарын ала алды.

- Бүгінгі өткен дәрістен болашақ жас мамандардың өздеріне алған мәліметтері жетерліктей болды деп ойлаймын. Студенттер өз ойларын ашық білдіріп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Алдағы уақытта осындай жастарға пайдасы бар дәрістер өткізуге біз әрқашан дайынбыз. Қатысушыларға және ұйымдастырушы Достық үйіне үлкен рахмет!, - деп Шелепов Виктор Михайлович өз ойымен бөлісті.

Дәріс соңында студенттер алғыстарын білдіріп, бүгінгідей танымдық мәліметтер алуға қуана келісетіндіктерін айтты. Алдағы уақытта осы сияқты дәрістерді жиі өткізу жоспарда бар.