05-05-2021
Республикамыздың елордасы - Нұр-Сұлтан қаласында онлайн форматта конференция өтті.
Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары және хатшылық меңгерушісі - М.А. Әзілханов, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, астаналық спикерлер және еліміздің барлық өңірлерінен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Аймақтық өкілдерді қосу ZOOM платформасы арқылы жүзеге асырылды.
Облыстық Достық үйінен ұйым басшысы - Нұрғалиев Алмаз Болатұлы, орыс мәдени орталығының төрағасы - Вера Николаевна Правдина және беларусь этномәдени бірлестігінің төрағасы - Борисович Галина Августиновна сөз сөйледі.
Шығыс Қазақстан облысының өкілдері өңірлік Ассамблеяның табысты жұмыс істеуі туралы, жергілікті жерлерде жұмыс қалай жүзеге асырылатыны және қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып берді. Сонымен қатар, қатысушылар ҚХА-ның өткен XXIX сессиясының қорытындыларын талқылады, сондай-ақ Ассамблеяның жалпыұлттық бірлікті, азаматтық бірегейлікті және патриотизмді қалыптастырудағы рөліне қатысты мәселелерді көтерді.
«Мұндай кездесулерді жиі өткізу керек. Онлайн форматта жұмыс істеу де өз жемісін беруде. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу үйлесімді дамудың және таңдаған қызмет саласында жетістікке жетудің маңызды аспектісі болып табылады», - деп атап өтті ШҚО-дағы Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының басшысы Алмаз Болатұлы Нұрғалиев.