Ағымдағы жылы 17 наурыз күні Жастар саябағында «Масленица» мерекесіне арналған Облыстық Достық үйінің орыс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен халықтық ойын-сауық өткізілді.
Мерекенің мақсаты: орыс халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтау, орыс фольклорлық өнерін насихаттау. Мерекелік бағдарлама халықтық ойындармен, байқаулардан, әндер мен билерден тұрды. Көрермендер масленица аптасының дәстүрлерімен танысты.Мерекеде «Вдохновение», «Русская песня», «Ульбиночка», «Барвинок», «Криничка» ансамбльдері өздерінің тамаша өнерлерін көрсетті. Қонақтарға мерекелік бәліштер таратылып, қол ұстасып жүріп көңілді халық әндер айтылып, би биленді.Мереке соңында арнайы дәстүрлі ән шырқалып, ескі-құсқыны, қамыстан жасалған қуыршақты өртеп, қысты шығарып салып, жаңа түлеген көктемді қарсы алуға дайындық жасалды. Мереке барысында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е.М. Аязбаев және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Л.Б. Шик мерекемен құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді. Мерекеге Облыстық Достық үйінің белорус, украин, орыс этномәдени бірестіктері қатысты.
Облыстық Достық үйі

