«Қыз - ұлт болашағы» байқауы

02-11-2022

«Қыз - ұлт болашағы» байқауы

Достық үйі қоғамдық келісім орталығында «Jan ana» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Республикалық «Мәдениетті - ана, мәдениетті - ұлт» жобасы аясында Өскемен қаласының қазақ мектептерінің арасында «Қыз - ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауы өтті. 

Байқау барысында талантты оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар шара барысында жас өнерпаздарға Жас ана қоғамдық бірлестігінің жетекшісі және ҚХА Шығыс Қазақстан облысы «Аналар кеңесінің» мүшесі Бершімбекова Гүлжамал Қаржауқызы қазылық етті.

Шара өз деңгейінде сәтті аяқталып, қатысушылар бағалы сыйлықтармен дипломдарға ие болды.