«Көреген ене, ибалы келін» сайысы

06-03-2023

«Көреген ене, ибалы келін» сайысы

«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» «Жан ана» бірлестігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Көреген ене, ибалы келін» сайысы өтті.

Сайыс мақсаты - Отбасы құндылықтарын дәріптей отырып, халқымыздың ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерін насихаттау. Әр отбасындағы ене мен келін орнының маңызын, отбасының ұйытқысы екендігін ұғындыру.

Сайысқа қатысушылардың  барлығы да үлкен дайындықпен, асқан шеберлікпен келгендігін  көрермендерге паш етті. 

«Байқау өте керемет өтті, маған қатысушылардың образдары мен өнерлері ұнады. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деп өз ойымен бөлісті шара қатысушысы.