«Жігіт сұлтаны»  байқауы

24-11-2017

«Жігіт сұлтаны» байқауы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында 2017 жылдың 23 қарашасында Достық үйінің ұжымы Тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп, қазақ халқының салт –дәстүрлерін жаңғырту, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту және дамыту, қала жастарымыздың шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық тәлім – тәрбиелерін  дамыту мақсатында «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді. Іс-шараға  №3514 әскери бөлімінің және   Мәдениет үйінің қызметкерлері, қала мектептерінің жас мамандары  қатысты. Жігіттерге 4 байқау сынақтарында өздерін көрсету керек болды. Бірінші кезеңде әр қатысушы  өз - өзімен таныстырса, екінші кезеңде мемлекеттік тіл мен Қазақстан тарихынан білімдерін көрсетті. Үшінші мен төртінші кезеңде қатысушылар тапсырмаларды шығармашылық қабілеттерімен орындап, өздерінің ептіліктері мен икемділіктерін көрсетті. Әділқазылар алқасы қорытындысы бойынша «Дарынды жігіт» номинациясымен қалалық мәдениет үйінің әртісі Табыс Асқар, «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясымен №1 мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Оразқан Айболат, «Өнерлі өрге жүзер» номинациясымен №2 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асет Мақажанов, 3 орын және «Сері жігіт» номинациясына ие болған қалалық мәдениет үйінің іс-шараларды ұйымдастырушы Тоқтарғазы Жұмаш, 2 орын және «Мен алаштың ұлымын» номинациясына ие болған №4 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жанузаков Аян. Басты жүлде мен «Жігіт сұлтаны» атағына 3514 әскери бөлімінің әскери қызметкері Асхат Тұрдахунов ие болды. Байқау қатысушылары естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Барлық қонақтарға, жанкүйерлерге және  қатысушыларға алғысымызды білдіріп, байқаудың жеңімпазын құттықтаймыз!