Көп балалы анаға көмек көрсетті

05-12-2015

Көп балалы анаға көмек көрсетті

 Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы аясында «Достық үйі қоғамдық келісім орталығының» ұжымы жағдайы төмен көп балалы ана Кенжегүл Қанапиянованы өз қамқорлығына алған болатын. Дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан қайырымды іс бүгінде жалғасын тапты. Кенжегүл Қанапиянова жалғыз өзі 4 жасөспірім баланы тәрбиелеуде. Көп балалы ана балаларымен жалдамалы пәтерде тұрады. Ұжым қызметкерлері жиналған қаражатқа балаларға жеміс-жидек алып, қалған қаражатты аналарына табыс етті. Балалардың көздерінде бақыт оты жанып, бұл көмек, отбасы үшін нағыз мереке болды.