Көпбалалы аналар құрметіне арналған фестиваль

06-03-2015

Көпбалалы аналар құрметіне арналған фестиваль

  Ағымдағы жылдың 6 наурызы күні Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында, Халықаралық әйелдер күні 8 наурызға орай, көпбалалы аналардың құрметіне арналған «Ассамблея аруы» фестивалі өтті. Мерекелік шарада ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Аязбаев Еркімбек Мұқатайұлы, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы, көпбалалы аналар мен аруларды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, көпбалалы аналарға естелік сыйлықтарды, гүл шоқтарын тапсырды, ал этномәдени бірлестіктердің ерлері залда отырған әйелдерге көктемнің қызғалдақтарын сыйлады. Әйелдер қауымына көрсетілген құрметтен кейін, этномәдени бірлестіктердің қыздары ұлттық костюмдер мен кешкі көйлектердің дефилесін көрсетті. Сән шеруінен кейін, көрермен қауым қыздардың шығармашылық өнерін тамашалады. Фестивальға қатысқан қыздарға «Пицца Блюз», «Не Кафе», «Фаберлик», «Вита Мир» демеушілерінің арнайы сыйлықтары тапсырылды. Облыстық «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының түсіру тобы және облыстық газеттердің журналисттері қатысты