06-05-2019
5 мамырда "Эхо" кинотеатрында Өскемен қаласының қонақтары мен тұрғындарына арналған корей киносының тегін фестивалі өтті. Мерекелік іс-шараны Нұр – Сұлтан қаласындағы Корей мәдени орталығы мен ШҚО корейлер қауымдастығы ұйымдастырды. Кинофестивальдің мақсаты корей мәдениеті мен өнерін таныстыру. Кино фестивальге келушілерге екі түрлі фильм ұсынылды: Біріншісі "Біз ағамыз" – бұл фильмде балалық шағында ажыраған екі ағайынды туралы баяндалады. Екіншісі "Қош бол, жалғыз өмір" фильмі - отбасын құру үшін қызықты жоспар ойлап тапқан танымал актриса туралы сурет. Екі фильмде орыс субтитрлерімен корей тілінде көрсетілді. Бірінші сеанстың алдында ШҚО кәрістер Ассоциациясы көрермендерге арнайы концерт ұйымдастырды, онда бірлестік белсенділері корей әндерін шырқады. Кинозалға кіре берісте корей журналдары мен кітаптары – кино, музыкалары келушілерге тегін таратылды.