Қымызмұрындық мерекесі тойланды

16-05-2018

Қымызмұрындық мерекесі тойланды

2018 жылдың 16 мамыры күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының «Ақниет» және «Ажарым» шығармашылық топтарының қатысуымен қалалық «Жастар» саябағында Қымызмұрындық мерекесі тойланды.

Саябаққа жиналған халық түрлі қымыздан дәм татып, мерекелік концертті тамашалады.

Қымызмұрындық — жыл сайын екі рет атап өтіледі. Біріншісі,  бие байланып, қымыз қоры молайған кезде ал екіншісі, қымыз маусымы таусылар сәтте жасалады. Бұл — биені ағыттық деген мағына береді.