ШҚО ҚХА журналистер клубының жұмысын қорытындылауға арналған дөңгелек үстел

12-12-2018

ШҚО ҚХА журналистер клубының жұмысын қорытындылауға арналған дөңгелек үстел

2018 жылдың 11 желтоқсаны күні Достық үйі–қоғамдық келісім орталығында ШҚО ҚХА журналистер клубының жұмысын қорытындылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. 
Іс-шараға ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асқар Қисаұлы, ШҚО ҚХА журналистер клубының мүшелері мен Д.Серікбаев атындағы мұражайдың, Ақбауыр тарихи кешенінің өкілдері қатысты. 
Дөңгелек үстел барысында ШҚО ҚХА журналистер клубының 2018 жылы атқарған жұмыстарына қорытынды жасап, 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті. Сонымен қатар отырыс барысында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады. 
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бүгінгі таңда еліміздің жер жеріне насихатталып, түрлі бастамаларға түрткі болған «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы деп қабылдасақта болады. - Біз аталған мақалада берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде табысты орындалып, жеткілікті насихатталуы үшін барынша ақпараттық қолдау көрсететін боламыз – деді ШҚО ҚХА журналистер клубының төрағасы А.И. Кратенко 
Шара соңында жыл көлемінде өңіріміздегі қоғамдық іс – шаралар мен ұлттық мәдениеттің дамуына және әлеуметтік үйлесімділікті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір қатар журналистерге алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.