12-04-2018
2018 жылдың 12 сәуірі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында бітімгершілік рәсімдерін қолдануда туындайтын қиындықтардың алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар айтылып, қызу талқыланды.
Дөңгелек үстел қатысушылары медиация тараптарының еріктілігі, тең құқықтылығы, медиатордың тәуелсіздігі және әділдігі, медиация ресімдерінің икемділігі мен ашықтығы туралы мәселелерді талқылады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – медиацияны сот өндірісінде жүйелі әрі дәйекті түрде енгізу бойынша мүдделі құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды арттыру.
«Дөңгелек үстел» соңында медиацияға қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсынымдар айтылды.