Президенттің бес әлеуметтік бастамасын талқылау

14-03-2018

Президенттің бес әлеуметтік бастамасын талқылау

2018 жылдың 14 наурыз күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі талқыланды.

Аталмыш шараға Достық үйінің этномәдени бірлестік өкілдері, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, Журналистер клубының, Ғылыми - сараптамалық тобының, Жастар лигасның  мүшелері қатысты.

Жиын қатысушылары Елбасы бастамаларын қолдап, Үндеуде атап көрсетілген мәселелер жүйелі түрде орындалу қажеттігін алға тартты.