«Крынічка» ансамбілінің қайырымдылық концерті

16-04-2015

«Крынічка» ансамбілінің қайырымдылық концерті

  2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланғандықтан, осы жылы біздің өңіріміздің этномәдени бірлестіктері «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-ізгі іс» акциясына белсенді қатысуда. Жыл басталғаннан Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының қызметкерлерімен бірге этномәдени бірлестіктер аз қамтылған отбасыларын, ҰОС ардагерлерін және балалар үйін аралады. Осы акцияға байланысты 2015 жылғы 15 сәуір күні Ахмир кентіндегі отбасылық балалар үйінде Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының белорусс этномәдени бірлестігінің «Крынічка» ансамблі, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында белорусс этномәдени бірлестігінің 15-жылдығына арналған қайырымдылық концертін өткізді. Балалар Белорусс халқының қысқаша тарихы, мәдениеті және салт-дәстүрімен танысып, ансамбльдің орындауындағы белорусс халық әндерін тамашалады. Концерт соңында балалар үйінің директоры Аман Ислямов Достық үйі - қоғамдық келісім орталығымен «Крынічка» ансамбілінің ұжымына алғысын білдіріп, жоспар бойынша мамыр айында өтетін мерекелік шараға қатысуын сұрады. Сонымен бірге ол қонақтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына арналған көрмемен таныстырды. Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы