Театр әуесқойларының мәдени бағдарламасы

03-02-2021

Театр әуесқойларының мәдени бағдарламасы

Театр - бұл өте керемет бояуы бар туындалар  дүниеге келетін орын. 2019 жылы Риддер қаласының Орыс мәдениет орталығында театр студиясы ұйымдастырылды. Қаланың жас әртістері осы театрда өз жолдарын әйгілі жазушы Антон Павлович Чеховтың шағын шыгармаларынан бастады. «Николай Васильевич Гогольдің шығармасы бойынша

«Рождество алдындағы түн»  қойылымының идеясы үш жыл бұрын пайда болды, бірақ оны шығару қолымыздан келмейтіндей болып көрінді. Алайда, белгілі бір шығармашылық жетістіктерден кейін біз үшін осындай ауқымды жобаны жүзеге асыруға бел будық», - дейді орталық төрағасы.

Санитарлық нормаларды сақтай отырып, «ар-ұждан үшін» деп аталатын театрлар дайындалды. Тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен көп дайындықтар жасадық. Өз күшімен, жан-жақты қиялдарымен орталық дизайнерлік және костюмерлік бөлігінде жетілдірген.

Актерлер құрамын да толықтандыру жоспарда бар, өйткені қойылым кейіпкерлері өте көп. Балалардың өздерінен басқа, бұл жолы  қаламыздың аса танымал және құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблея мүшесі Василий Федорович Русин ағамыз өзін өнерін сынап көрді, кейбір рөлдерді қала тұрғындары алып, ал бас кейіпкер Вакуланың рөлін облыстық драма театрының актері Михаил Иванов ойнады.

Айта кету керек, жергілікті таланттар кәсіби мамандар аясында өте лайықты көрінді. Риддерліктер өз өнерлерінің бірегей көрінісін көрсете алды. Бұдан не шыққанын қалалық  Достық үйінің әлеуметтік желісінен онлайн форматта көре аласыз, дегенмен біздің қойылымымыздың кейіпкерлері көрермендерге «жанды» қойылымдарды көрсетуді асыға күтіп жүргендерін айтты.