Құрбан айт - мейірім мерекесі

18-06-2024

Құрбан айт - мейірім мерекесі

Құрбан айт - мейірім мерекесі. Бұл күні мұсылмандар мұқтаж адамдарға құрбандық етін таратып, қуанышқа бөлеуі керек. Құрбан айттың мақсаты да осы - құрбан шалып, оның етін өзгелермен бөлісу арқылы адамдарға мейірім көрсетіп, жылу сыйлау.

Осыған орай, Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында «Құрбан айт» мерекесіне арналған іс-шарасы өткізілді.

Кездесуге Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің және Достық үйінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Дәулет Тілеуханұлы іс-шараның қонағы болып қайтты.

Іс-шарада сөз сөйлеушілер «Құрбан айт - құтты мереке», «Құрбан айт - Қазақстан халқының дәстүрі ретінде» және «Құрбан айт - жақындарға қамқорлық жасау мерекесі» атты тақырыптарда өз ойларын білдіріп, барша мұсылман қауымын осы күнмен құттықтады.