Құрбан айт - қасиетті мереке

21-08-2018

Құрбан айт - қасиетті мереке

Ағымдағы жылдың 21 тамызы күні Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығында құрбан шалынып, кең дастархан жайылып, этномәдени бірлестік өкілдері бір дастархан басында жиналып ұлық мерекені бір кісідей атап өтті. Құрбан айт адамдарды мейірімділік пен қайырымдылыққа, татулық пен бірлікке шақыратын қасиетті мереке. Жалпы мұсылман халықтар отыз күн ораза аяқталлған соң, жетпіс күннен кейін, құрбан шалып, құрбан айт мерекесін тойлайды.  Облыстық Халифа Алтай мешітінің имамы шалынған құрбандыққа құран оқып, дастарханға жиналған көпшілікке бата беріп, мерекемен құттықтады. Өз кезегінде сөз алған ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.Қ.Нұрғазиев шараға жиналғандарды құрбан айт мерекесімен құттықтап өзінің ізгі тілегін жеткізді.
Іс – шара барысында этномәдени бірлестік өкілдерімен шығармашылық топ мүшелерінің шағын мерекелік концертті көрермен назарына ұсынды. Шара соңында Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының ұжымы аз қамтылған отбасыларға құрбандыққа шалынған малдың еті және басқада азық-түлік толы пакеттер табысталды.