Ағымдағы жылы 5 сәуір күні Облыстық Достық үйінде «Мұсылман әйелдері» ҚБ төраға Күлбарам Сүлейменқызы Етекбаеваның 70 жасқа толуына байланысты салтанатты кеш ұйымдастырылды.
Етекбаева Күлбарам Сүлейменқызын мерейлі мерекесімен құттықтауға қала әкімдігінен, ардегерлер ұйымынан, «Нұр Отан» партиясынан өкілдер, достары, туған-туыстары келді. Мерекелік шара кеш иесіне арналған ізгі тілектермен басталып, жас өнерпаздардың орындаған әдемі әндерімен үйлесімін тауып жатты.Сонымен бірге Облыстық Достық үйінің директоры Э. Төлеубеков, бастаған этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Л.Б. Шик кеш иесін мерейтойымен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.Кулбарам Етекбаева «Мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің алдына мақсат етіп қойған қазақ халқының мәдениетін ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтау мен дәріптеуде күш-жігерін аямай жұмсап келеді. Соның дәлелі қыруар еңбек сіңірген «Ақниет аналар ғибраты» және «Бесіктен - бақиға дейін» атты бастырып шығарған екі жинағы. Бұл ата-бабамыздан мұраға қалған жақсы құндылықтарды насихаттайтын, жас ұрпақты ұлттық дәстүрде тәрбиелеуде таптырмас құрал.Ал, бүгінде оның басқарып отырған «Мұсылман әйелдері» ҚБ Облыстық Достық үйінің сан-салалы іс-шараларына белсене қатысып, еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді. Талмай ізденісті қажет ететін осындай еңбегі бүгінде бағаланып отыр. Кулбарам Сүлейменқызы Өскемен қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың мадақтама қағазы мен алғыс хатымен марапатталған, бірнеше медальдың иегері. Мерейтойға арнайы К. Етекбаеваның басып шығарған жинақ кітаптары мен сурет көрмесі ұйымдастырылды.Шара барысында Кулбарам Сүйлеменқызының шөбересінің тұсауы кесіліп, «Тұсаукесер» дәстүрі көрсетілді.Салтанатты шарадан соң, фуршет ұйымдастырылды.
Облыстық Достық үйі

