2011 жылдың 8 қазанда Өскеменде аймақ шаруа қожалықтарының қатысуымен «Күз сыйы» ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке қаланың бірнеше бөлігінде өтті, атап айтқанда: Металлургтер мәдениет сарайының алдындағы алаңда (Глубокий, Аягөз, Күршім және басқа аудандар), Республика алаңында (Ұлан, Қатон-Қарағай, Зыряновск, Шемонайха және басқа аудандар) және Жібек маталар комбинаты ауданында (Көкпекті, Бородулиха, Жарма, Тарбағатай және басқа аудандар).
Қала тұрғындарының назарына төмендетілген бағамен ет, сүт өнімдері, ұн-нан бұйымдары, көкөністер мен жеміс-жидектер ұсынылды. Сондай-ақ, сауда алаңдарында әр түрлі ойындар, байқаулар мен концерттер ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаға облыстық Достық үйінің «Бастеньки» фольклорлы ансамблі, №3 мектептің «Балалар ұжымы», әзірбайжан этномәдени бірлестіктің әншісі Алыева Гюнэль, шешен-ингуш этномәдени бірлестіктігінің «Вайнах» ансамблінің бишілері, Шығыс Қазақстан облысы коммуналды мемелекеттік қазыналық кәсіпорын мемлекеттік филормониясының әншілері және фольклорлық ансамілдері сонымен қатар Алтай Мүбәрәк, Әділ Тұрғанбаев, Майра Арғынбекова сынды солистер өз өнерлерін көрермен қауымға көрсетті.

