04-04-2023
Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында қасиетті Рамазан айына арналған іс-шара өтті. Оған «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының мүшелері қатысты.
«Халифа Алтай» мешітінің имамы – Берік Қадірұлы жастарға Рамазан айы туралы танымдық дәріс өткізіп, жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ тақырыптық бейнеролик көрсетілді.
Шара соңы қайырымдылық акциясымен аяқталды.