21-12-2018
Ағымдағы жылдың 21 желтоқсан күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан 2018 жылы» тақырыбына қорытынды дәріс өтті. Дәрісті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі және әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Столярова Элеонора Олеговна өткізді.
Кездесу барысында қатусышылар бүгінгі күннің ең маңызды құжаттары - Елбасының халыққа Жолдауын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады.