Жазғы – зажинки мен дожинки мерекесі

17-09-2017

Жазғы – зажинки мен дожинки мерекесі

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегі күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының белорус этномәдени бірлестігі күзгі өнімнің піскен шағында тойланатын  «Жазғы – зажинки мен дожинки», яғни орақтың басталуы мен аяқталуы дәстүрлі күзгі мерекесін атап өтті. Шара барысында белорус халқының салт –дәстүрлері көрсетіліп, халықтық әндері орындалды. Мерекелік шараға жиналғандарды және белорус этномәдени бірлестік өкілдерін ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Л.Б. Шик құттықтап, өзінің ізгі тілегін жеткізді. Шара барысында орындалған әсем әндерді көрермен қауым қосыла шырқап, ерекше ықылас танытып, қошеметтеп отырды. Сонымен қатар көрермен қауымға белорус халқының ұлттық тағамдарына байланысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Мереке соңында қатысушылар белорус халқының ұлттық тағамынан дәм татты.