14-07-2017
Ағымдағы жылдың 14 шілдесі күні «Жігер» жазғы балалар лагерінде ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен таныстыру мақсатында іс-шара өткізілді. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А.К.Нұрғазиев ҚХА жұмысымен таныстырып, этносаралық келісім мен бірліктің маңыздылығын және де елімізде өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесінің ерекшелігіне тоқталып өтті. Сонымен қатар, ҚХА-да атқарылатын жұмыстарын арнайы дайындаған бейнеролик арқылы көрсетіп, балаларға өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойды. Өз кезегінде сөз алған ШҚО ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Л.Б.Шик Достық үйінде өткізіліп жатқан шаралар жайлы айтып, алдымыздағы тұрған мақсаттарға тоқталып, Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылады. Іс-шараның 2 - бөлімі этномәдени бірлестіктердің Қазақстан ұлт өкілдерінің мәдениетімен, дәстүрімен таныстыру үшін дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Концертте ШҚО корейлер ассоциациясының «Инсоноре» вокалдық тобы, Поляк ЭМБ В.В.Фрышко, «Вайнах» ансамблі және Аяулым Құралдық өнер көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді. Кеш соңында «Жігер» жазғы балалар лагерінің жасөспірімдері алғыстарын білдіру мақсатында дайындаған флешмобтарын ұсынды.