Әдеби серпіліс

26-01-2021

Әдеби серпіліс

«Өз ісіңді жақсы көр және тек сонымен айналыс»  деген ұранды біздің кейіпкеріміз - Әубәкіров Алдияр Ақылбекұлы ұстанады.

Бұл бәрін білетін адам. Оны туған жері ұлан ауданында ғана емес, Шығыс Қазақстан облысында да біледі.

Алдияр Ақылбекұлы көп жылдар бойы өз отандастарының игілігі үшін еңбек етіп, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Алайда Алдияр Ақылбекұлының білімі мен іскерлігі соншалықты терең әрі көп қырлы, ол қоғамдық қызметті ғылым және шығармашылықпен оңай үйлестіреді. Мұрағатшы, өлкетанушы, тарихшы ғалым, коллекционер және ақын ағамыз, өзінің даналығын авторлық кітаптары арқылы мұра  ретінде жеткізеді.

Ағамыздын еңбектері шалғай елдерде де кең танымал. Ғылыми еңбектер мен өлеңдер барлық жерде өрнектелген. Жанына жақын, өнеріне өнеге болған оқырмандарын ақын ағамыз бойындағы шабыты арқылы жаулаған.

Жақында  жазушының  «ақиқат жақын жерде»  деп аталатын кітабы жарық көрді. Бұл туындыдан ағамызды, зерттеуші ғалым және ақын ретінде байқаймыз. «Ақиқат жақын жерде» кітабында Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға жасаған қауіпті саяхаты туралы  керемет суреттеледі.

Автор әйгілі экспедицияны сипаттайтын дереккөздерге көп күш жұмсады. Ақындық жолдарда ол өзіне соншалықты жақын шындықты кітап арқылы жеткізді.

Алдияр Ақылбекұлын кезекті жауһар туындының жарыққа шығуымен құттықтаймыз!