07-05-2018
7 мамыр күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында шешен – ингуш этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен кавказ халқының «Ловзар» би кеші өтті. Шара барысында ортаға шыққан бишілер кавказ халқының отты биі «Лезгинканы» ырғағына келтіре билеп, қонақтарды ерекше жоғары көңіл күйге бөледі. Өз кезегенде бишілердің тамаша билеріне көрермен қауымда қол соғып қошемет білдірді. Би кеші Отан қорғаушылар және 9 мамыр жеңіс күніне арналды.