10-10-2024
Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында «Ана үйі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Бала үшін ең жақсы орын – отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара кәсіби патронаттық отбасылар институтын талқылауға арналды. Іс-шараны «Ана үйі» ресурстық орталығының жетекшісі Мамбеталиева Чинара Шамсутдиновна алғы сөзбен ашты.
Дөңгелек үстел барысында патронаттық отбасылардың маңызы, олардың қоғамдағы орны, сондай-ақ балаларға қамқорлық көрсету мәселелері талқыланды. Сондай – ақ, ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Наиля Онгарбаева бала үшін отбасы маңызды тірек екендігін және осындай отбасылардың баланың физикалық және эмоционалдық дамуына оң әсер ететіндігін атап өтті. Қатысушылар патронаттық отбасылардың балаларға жағымды жағдай жасау мүмкіндіктері туралы кеңінен әңгімелеп, бұл институттың тиімділігін атап өтті.
Шара соңында қатысушылар осы саладағы маңызды бастамаларды қолдап, патронаттық отбасылар институтын дамыту қажеттілігі туралы ұсыныстарын білдірді.