06-09-2017
Ағымдағы жылдың алтыншы қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына Елбасының, "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын жүзеге асыру мақсатында Нұр-Отан партиясының төрағасының бірінші орынбасары Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы келді. Іс-сапар барысында Мұхтар Абрарұлы Шығыс Қазақстан Облысы Өкемен қаласында орналасқан бірлік пен татулықтың тұтқасына айналған еліміздегі ең үлкен этноауылына да келді. Ол этносаябақта орналасқан әр-түрлі ұлт өкілдерінің үйлерін аралап танысып шықты. Сонымен қатар сапар барысында ШҚО Қазақстан халық Ассамблеясы өкілдерімен сұхбаттасып ШҚО-ны жаңа қарқынмен жаңғырту жолдарын айтып өтті.