Ағымдағы жылдың 9 сәуірі күні Облыстық Достық үйінің ақсақалдар алқасының жанынан құрылған «Атамұра» ансамблі Ұлан ауданының Мамай батыр ауылына барып концерт қойып қайтты.
Шығармашылық сапардың мақсаты, өнер арқылы жастарды патриоттық сезімге баулу, ауыл тұрғындарының көңілін бір уақыт мәдени демалысқа аудару.Концертке жиналған ауыл тұрғындары, оқушылар «Атамұра» ансамблінің мүшелерінің орындауындағы халық әндерін, отанға, бейбітшілікке арналған әндерді, домбыра мен қобызда ойналған күйлерді назар сала тыңдап, бір сәт тұрмыстық тіршілікті ұмытып, көңілдері бір серпіліп қалды. «Атамұра» ансамблінің өнерпаздарының өнеріне риза болған көрермен қауым алғыстарын білдіріп, шығарып салды.
Облыстық Достық үйі
