27-02-2023
Масленица – Шығыс Қазақстанды мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің жыл сайын бірлесіп тойлайтын дәстүрлі мерекелерінің бірі. Олардың айтуынша бұл күндері дос-жарандардың үйін аралап, құймақтың түр-түрінен дәм татуға болады.
«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» этномәдени орталығының мүшелері мереке барысында концерттік бағдарлама, лотореялық ойындар өткізіп, жиналған қонақтарға мерекенің атмосферасын сезінуге мүмкіндік сыйлай алды.
«Өткізілген іс-шара маған ерекше әсер сыйлады, Достық үйіне және ұйымдастырушыларға, өнерпаздарға алғысым шексіз!», - деп өз ойымен бөлісті шара қонағы.