Масленца мерекесі тойланды

18-02-2018

Масленца мерекесі тойланды

Ағымдағы жылдың 18 күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығында көңілді мереке Масленица тойланды. Масленица  – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алатын ежелгі славян халқының ұлттық меркесі. Мейрам кезінде міндетті түрде құймақтың түр түрі пісіріледі. Мерекеге келген қала тұрғындары мен қонақтары «Ладушки», «Свиточ» және «Бастеньки» фальклорлық ансамблдерінің әндерін тыңдап, «Кавказ», «Арабеск», « Непоседы» сияқты хореографиялық би ұжымдары бишілерінің мың бұралған билерінің куәсі болды. Сонымен қатар мерекелік шара барысында  спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды.  Сондай-ақ  «Белая сова» қол өнер бірлестігі мереке қонақтарына арнап көрме ұйымдастырды.