10-03-2019
Масленица – құймақ пісіріп, көңілді ойындармен қысты шығарып салуға арналған ежелгі славян мерекелерінің бірі. Оны этномәдени бірлестіктер мен өнерпаздар сахна төрінде концерттік бағдарламамен көрсетті.
Жексенбі күні кыстың соңғы айын шығарып салып, көктемнің шуақты күндерін қарсы алу мейрамы Достық үйінің алаңында өтті. Онда жиналған жұртшылық ұлттық нақышта киімдер киіп, мерекенің сәнін келтірді.
***
Масленица күні Пасханы мерекелеу күніне байланысты жыл сайын өзгереді. Масленица мерекесінің басты дәстүрлі белгілері – Масленица чучеласы , сырғанау, құймақ және тоқаштар.