04-03-2019
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының фойесінде «Белая сова» қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке барысында қолөнершілерден бір зат сатып алу арқылы қатысуға болатын лотереяның бірнеше кезеңі өтті. Сатып алған кезде әр адамға лотерея билеті берілді, ал әрбір сағат сайын сыйлықтар ойналды. Гардеробтың жанында оқушылар мен балаларға арналған сурет салу мен қолөнер шеберханалары ұйымдастырылды. Кіре берісте Халықаралық әйелдер күніне арналған фото аймақ орналасты. Келесі жәрмеңке 10 наурыз күні сағат 10: 00-ден 17: 00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығында» өтеді. Қонақтарға қолөнер бұйымдарының қолжетімді бағалары мен балаларға арналған тегін мастер-класстар ұйымдастырылады. Кіру әрдайым тегін.