02-05-2018
2 мамыр күні Достық үйі – қоғамдық келсім орталығында «Мектептегі медиация қызметі» тақырыбында семинар өтті. Шараға қаламыздағы №8, №10 және №37 мектептердің оқушылары қатысты. Семинар барысында балаларға медиацияның артықшылықтары, оның мақсаттары, қолданылатын жағдайлары, негізгі принциптері мен міндеттері туралы айтылды. Сонымен қатар медиацияның ата-аналар үшін және балалар үшін қандай маңыздылығы бар екендігін жөнінде «Альтернатива» медиация және құқық орталығының кәсіби медиатор . З.Т. Танекенова түсіндіріп айтып берді. Өз кезегінде оқушылар тарабынан сұрақтарда қойылды.