Медиация өзіңді және өзгелерді "тыңдауға" үйретеді. Прогрессивті қоғамдағы өмірдің маңызды салаларының бірі ретінде өз позициясын нығайту үшін білім қорын толықтырып, біліктілікті арттыру қажет.
Осындай мүмкіндікті барлығына "Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы" ұсынады.
«Кәсіби емес медиаторларға медиация негіздерін оқыту» семинарының диалог алаңы форматында салалық кәсіподақтар мен кәсіподақ комитеттерінің, медициналық және білім беру мекемелерінің өкілдері, «КЖТ» АҚ мен «Қазпочта» АҚ қызметкерлері медиация негіздерін қалалық сот төрешілері, жаттықтырушылар және, әрине, кәсіби медиаторлар ұсынған спикерлердің басшылығымен үйренді.
Іс-шара Достық үйі директорының м.а. Жанар Алканованың Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі аясындағы медиация туралы сөз сөйлеуінен басталды:
«Біздің құрметті Елбасымыз ҚХА-на үлкен қолдау көрсетеді, атап айтқанда, медиация бағытына ерекше назар аударады, бұл оның жаңа деңгейге көтерілуінде орасан зор рөл атқарады».
Кейін семинар аясында әлеуметтік және құқықтық сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Спикерлер қатысушыларға еңбек заңнамасындағы, республиканың азаматтық кодексіндегі өзгерістер туралы, сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңды жаңарту туралы айтып берді. Оған қоса, банктік даулар тақырыбы көтерілді.
Спикерлер тыңдаушыларды келіссөздер жүргізу арқылы қақтығыстарды шешу және әр түрлі жағдайларда қолайлы микроклиматты сақтау жолдары туралы хабардар етті.
- Дауларды шешудің соттан тыс әдісі бар. Бұл келіспеушіліктерді өз бетінше шешу үшін немесе медиаторлардың, адвокаттардың, заңгерлердің, нотариустардың көмегімен тараптар арасындағы ерікті диалог, - деп қорытындылады қалалық соттың төрешісі Әсемгүл Қасенова.
Кездесу соңында қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.
- Бірнеше жылдан бері біз медиация бойынша оқыту семинарларын өткізіп келеміз, оны асыра сілтеместен дәстүрлі деп атауға болады. Бәрінен бұрын оқуға ниет білдірушілердің жыл сайын көбейіп келе жатқанына қуаныштымын. Сіздің алдыңызда ойлы және қызығушылық танытқан адамдарды көріп, тәжірибе алмасу өте жақсы, - деп жаттықтырушы-нұсқаушы, кәсіби медиатор, «Шаңырақ» келісім орталығының басшысы - Абдрахманова Елизавета Амировна бөлісті.