Медиация - бейбіт әлемге апарар жол

18-05-2021

Медиация - бейбіт әлемге апарар жол

Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында ZOOM платформасында онлайн форматта әңгіме өтті. Диалог алаңында «Медиатордың көмегімен жанжалды қалай шешуге болады» тақырыбы талқыланды. Медиатор Танекенова Тулетай Замамбековнамен онлайн сұхбатқа облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ аудандардан әріптестер қатысты.

Шығыс Қазақстан Достық үйі облыстың қалалары мен аудандарындағы Достық үйлері үшін әдістемелік орталық болып табылады, сондықтан үнемі тәжірибе алмасу болып тұрады. Медиация күрделілігі әртүрлі деңгейіндегі қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге ықпал ететін маңызды механизм болып табылады. Бұл Медиация әр тараптың мүдделерін бір-біріне зиян келтірместен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 

Кездесу спикері Танекенова Тулетай Замамбековна медиацияның қай жерде қолданылатыны, медиатордың қандай функцияларды атқаратыны, медиатордың қызметтерін кім пайдалана алатыны және медиативтік жолмен қандай дауларды шешуге болатыны туралы айтып берді.

Пікірталас барысында кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді қойып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Айта кету керек, Достық үйлерінің қызметі медиациямен тығыз байланысты, сондықтан бұл кездесу сөзсіз іс жүзінде өз пайдасын әкеледі.

«Мен өз біліміммен бөлісуге қуаныштымын. Бүгінгі кездесу аясында әр адамға даулы жағдайларды шешудің түрлі әдістерін жасауға көмектесе алдым деп үміттенемін», - деп атап өтті Танекенова Тулетай.