Медиация орталығының ұрыс-жанжалдың алдын-алу және шешу мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы

06-08-2015

Медиация орталығының ұрыс-жанжалдың алдын-алу және шешу мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы

6-7 тамыз күндері Астана қаласында Медиация орталығының ұрыс-жанжалдың алдын-алу және шешу мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы өтуде. Бұл семинарда ҚР Мәжілісінің депутаттары, ҚХА ҒСҚ мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер, Болгария, Испания және Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысуда. Шығыс Қазақстан облысы делегациясының құрамына ШҚО әкімі аппаратының КММ «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» директоры Э.Т. Төлеубеков, медиатор Э.А. Абдрахманова, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Е.Ш. Жумагсанов кіреді. Оқытушылар шет елдердің жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамынан және Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшыларынан болғандықтан, семинар-тренинг соңында қатысушыларға халықаралық дәрежедегі сертификаттар беріледі. Қатысушылар осы сертификаттарды алған кезден бастап, өздік кәсіби салаларында медиация саласы бойынша жекелеген мәселелерді шешуге қабілетті болады.