11-09-2017
Ағымдағы жылдың тоғызыншы қыркүйегінде Достық үйінде «Қылмыстық процесте медиацияны қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Қылмыстық істер жүргізудегі медиация тақырыбының өзектілігі қазіргі замануй заңнамаларға сай қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен сотта іс қарау сатыларындағы медиация мәселесі болып отыр. Сол мәселені талқылауға ШҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Нұрғазиев Асқар Қисаұлы, ШҚО сотының сот төрағасы Жұмақсанов Елдос Шағанұлы, ШҚО «Ұлттық Медиаторлар Палатасы» басшысы Дячук Марианна Ивановна және С. Аманжолов атындағы ШҚМТУ студенттері қатысты. Шараны ашқан сот төрағасы Елдос Шағанұлы қылмыстық құқықбұзушылық туралы істерді қарау барысында ҚР «Медиация туралы» заңының қолдану мәселелері туралы айтты. “Азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру, халық арасында заңгерлік сауаттылық деңгейін арттыру үшін құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және бітімгершілік рәсімдерінің тиімділігін арттыру Елбасының сот корпусы алдында қойған басты мақсаттары болып табылады” – деді өз сөзінде. Елімізде медиация институтының кеңінен дамуы жолында, сонымен қатар тергеу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері бітімгерлік істерді қолдана бастауы үшін, құқық қорғау органдары мен медиаторлар тығыз өзара байланыс орнатуы қажет. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар медиация қолдану перспективалары туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, өзара қарым-қатынастың қажеттілігін атап өтті.