Мемлекеттік рәміздер – азаматтық қоғамның бірлесу факторы ретінде
05-06-2015
Мемлекеттік рәміздер – азаматтық қоғамның бірлесу факторы ретінде
Мемлекеттік рәміздер күні мерекесін өткізу шеңберінде Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұжымы, этномәдени және қоғамдық бірлестік өкілдері мен белсенділері Республика алаңында Абай Құнанбайұлы ескерткішіне гүл қою рәсімінен бастап, Достық стеласы қасында салтанатты жиын өткізді. Бұл жиында жиналған қауымға мемлекеттік рәміздер: ту, елтаңба, әнұранның құрылу тарихы және безендендірілген бөлшектері туралы А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының маманы Я.Абдеева толығымен айтып өтті.
Сонымен қатар іс-шаралар барысында Достық үйінің Ұлттық дәстүрлер залында «Қазақстандықтардың біртектілігі – азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастырушы жағдайы» атты дөңгелек үстел өтті. Отырысты модератор ШҚО ҚХА хатшылығының жетекшісі Е.М. Аязбаев жүргізді. ШҚО ҚХА ғылыми-зерттеу тобының мүшелері: ШҚМТУ «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндері және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі тарихи ғылымдарының кандидаты, доценті Н.Краснобаеваның «Полиэтникалық қоғамның нығайту шарттарындағы қазақстандық бірегейліктің қалыптасу ерекшеліктері», ШҚМТУ профессоры Э.Столярованың «Қазақстандық бірегейліктің қалыптасуына әлеуметтік-мәдени институттардың үлесі» , ЖҚБ төрағасының орынбасары А.Карапетянның «Жастар – азаматтық қоғамның бөлшегі ретінде» – атты баяндамалары оқылды. «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспары тұрғысынан өзекті сұрақтар мен болашақ міндеттер қарастырылды.
Іс-шараның соңында ШҚО ҚХА бас маманы Т.Черненко мен ШҚМТУ «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндері және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі тарихи ғылымдарының кандидаты, доценті Н.Краснобаева «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медальдарымен