14-08-2014
"Мемлекеттік тіл халық бірлігінің негізгі факторы"
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында және Елбасымыз жария еткен тілдердің үштұғырлылығы-мемлекет дамуының стратегиялық жоспарының ажырамас бөлігі, демократиялық бастамалардың даму кепілі екендігінің, сонымен қатар бұл біздің қоғамымыздың берік рухы, мәдениеті мен интеллектуалдық әлеуетінің айқын көрсеткіші болып табылатындығына маңыз бере отырып Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, білім беру бөлімі және қалалық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен 30 шақты қала мектептері оқушыларының арасында "Мемлекеттік тіл халық бірлігінің негізгі факторы" атты конкурсын 2010 жылдың 27 сәуірінде Космическая көшесі 6/2 мекенжайында орналасқан облыстық балалар кітапханасында сағат 12.00-де өткізді. Байқаудың мақсаты қазақ, орыс тілді мектептерде оқитын тілге бейім балалардың мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау, ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттырып шығармашылығын шыңдауға жағдай жасау болып табылады. Сайыс «Сөз атасы-мақал» (берілген мақал-мәтелдерді аяқтау), «Тұрақты сөз тіркестері» (берілген фразеологизмдердің мағынасын анықтау), «Өлең- сөздің патшасы» («Отан», «Тіл», «Халықаралық достық» тақырыбында екі шумақтан 3 тілде өлең оқу), «Шешеннің тілі-ортақ» (берілген тақырып бойынша 3 тілде әңгімелеп беру) сияқты 4 кезеңнен құрылды. Сайыс соңында әр үміткер өз өнерлерін көрсетіп Гран при жүлдесін 2 гимназияның 8 сынып оқушысы Камалбеков Тимур, 1 орынды № 42 орта мектептен Нұрлыбаева Төлеугүл, 2 орынды № 45 орта мектептен Жүсіпов Әлижан, 2 орынды № 15 орта мектептен Чоптанова Назерке, 3 орынды № 39 орта мектептен Можанова Диана, 3 орынды № 4 орта мектептен Зарыкканова Аида иеленді. Сондай-ақ «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша № 12 гимназия оқушысы Сизикова Екатерина, «Үздік мақалшы»- Қазақстан-Ресей гимназиясынан Боровикова Александра, «Үздік шешен»- Ахмер орта мектебінен Малгаждарова Аяужан сияқты конкурс жеңімпаздары дипломдармен, алғысхаттармен және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.