Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г. Н. Әбдіқалықованың, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Е.Л. Тоғжановтың, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары О.Г. Дымовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан халқының 100 нақты қадам аясындағы біртектілігі мен бірлігі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Олар Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени және қоғамдық бірлестіктері өкілдерімен, сонымен бірге ШҚО ҚХА ҒСТ мүшелерімен кездесті. Конференцияда оқылған баяндамалардың басты бағыты «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспардың IV-реформасы «Біртектілік пен бірлік» бағытындағы Ассамблеяның қызметіне қатысты пункттерді енгізген, азаматтық біртектілікті нығайту мен республиканың табысты дамуы үшін берік іргетас құру болып табылды. Күн тәртібінде мемлекеттің және қоғамның тарапынан кеңінен қарастыруды талап ететін бірнеше мәселелер қамтылды. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері Ұлттық жоспардың маңыздылығына мән бере отырып, бірқатар мәселелерді республикалық Ассамблея өкілдерімен талқылады. Сонымен бірге қатысушылар республика бойынша Достық үйлерінің жұмысындағы Ассамблея жылының маңызды оқиғаларымен және қызықты деректерменмен, өз тілектерімен бөлісті.