24-09-2024
«Мен сені жақсы көрем, орыс тілі» атты іс-шара өтті.
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында «Мен сені жақсы көрем, орыс тілі» атты танымдық іс-шара өтті. Бұл шараның мақсаты орыс тілі мен мәдениетін насихаттауға арналған, сондай – ақ, мектеп оқушыларының тілге деген қызығушылығын ояту және мәдениетаралық қатынасты нығайту.
Облыстық славян мәдениеті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Яковлев іс-шараны алғы сөзбен ашты. Тіл сайысына 4 топ қатысты, әр топ мүшелері орыс тілін жетік меңгеру деңгейлерін көрсету үшін әртүрлі тапсырмалар орындады. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде топтар орыс тіліндегі грамматикалық және лексикалық тапсырмалар бойынша жарысты. Одан кейін олар шығармашылық тапсырма орындады.
Сонымен қатар, шара барысында орыс халық әндерін орындалып, билер биленді. Барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырған бұл іс-шара, мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен ықпал етті.
Шара соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.