2016 жылдың 31 қаңтарында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен және өзге де топтардың қатысумен көпшілікке арналған мерекелік кеш болып өтті.
Концертке арнайы қонақ болып келген шығармашылық «Улыбка» хореографиялық ансамблі мың бұрала билесе, «Майнтглехкен», вокаль тобы неміс әуенін асқақтатты.Кеш жүргізушісі «Байтақ Қазақстанда тұрып жатқан барлық халықты, бір үйдің баласындай» –деп атап өтті.
Салтанатты шараның көркін жігіттердің «лезгинка» биі одан әрі қыздыра түсті. Көрермендер шығармашылық топтардың өнерлеріне деген ризашылықтарын қол шапалақпен білдірді.
Кеш соңы мерекеге арнайы жайылған дастархан басында бас қосумен аяқталды.