30-09-2024
Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында неміс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен егін жинау күніне арналған мерекелік шара өтті. Шара аясында балаларға арналған қолөнер шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ, мерекелік концерт пен түрлі ойындар да ойнатылды. Бұл шара ауыл шаруашылығы еңбегінің маңыздылығын көрсету мен балаларға мәдени мұралармен танысуға мүмкіндік беретін қызықты әрі танымдық мереке болды.
Өнерпаздар халық әндерін орындап, дәстүрлі билерін көрсетіп, мерекенің сәнін келтірді. Шара достық пен бірлікті нығайтып, әртүрлі этностардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.