05-09-2024
Достық үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Сондай-ақ мерекелік іс - шарада мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосып жүрген этномәдени бірлестік өкілдері және Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін жаңғырту мектебінің ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар «Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін жаңғырту мектебінің» оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, қазақ және өзге де халықтардың тілдерінде өлеңдер оқып мерекенің сәнін келтірді.
Іс-шара барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тілдің қоғамдағы рөліне деген құрметті арттырды.