01-07-2024
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының концерт залында тәжік этномәдени бірлестігінің іс-шарасы өткізілді.
Мерекелік іс-шараны тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Зулфиев Рустам Гулмуродович ашты. Ол бірлестіктің белсенді мүшелерін алғыс хаттармен марапаттады.
Тәжік этномәдени бірлестігінің өкілдері мерекелік концерт, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сабақтастырып, жиылған көпшілік назарына ұсынды.
Концерттік бағдарлама барысында көрермендер тәжік халқының ұлттық тағамдарынан дәм татып, сонымен қатар сәндік-қолданбалы өнер көрмесінде тәжік халқының кестеленген кілем, дастархан және ұлттық киімдерін тамашалады.
Салтантты мереке жиналған көпшілік көңілінен шығып, көрермендер алғыс ілтипаттарын білдірді.