16-03-2019
15 наурыз күні Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының өкілдері «Медиация – заман талабы» халықаралық конференциясына қатысты. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан келген медиаторлар жиналды. Отырыс барысында отбасылық-құқықтық даулар бойынша медиация мәселелері, отбасылық сот мекемесінің құрылуы мен жұмыс істеуі талқыланды.