09-08-2021
15 шілде күні Семей қаласының Достық үйінде ерекше – халықаралық тосап күніне орай ерекше шара өткізілді.
15 шілде – Халықаралық тосап күні. Тосап – әзірлеу тарихы көне Киев Русінен бастау алатын, орыс халқының өкілдері ерекше сүйіспеншілікпен әзірлейтін тәтті тағам түрі. Тосаптың сан алуан түрі мен дәмі болуы мүмкін: бір түрі жаңа піскен жидектермен қант не бал қосылып әзірленсе, ендігі түрі жеміс – жидек, шырша шышкалары, қарбыз қабығы, раушан гүлі жапырақтарымен тіпті бақбақ өсімдігімен де жасалуы әбден мүмкін. Осы мерекені Орыс халқы әлеуметтік-мәдени орталығының "Қолөнер" әйелдер клубы да атап өтті. Қолөнер шеберлері тосапқа арналған банкалар сыртын көз тартар маталар, гүлдер және әсем ленталармен безендірді. Шара барысында құлпынай және жаңғақ, асқабақ, шие мен бал, шырғанақ қосылған әр түрлі дәмдері бар тосаптар дайындалды.