«Асыл мұра» дәстүрлі қазақ ұлттық сәндік - қолөнер шеберлерінің фестиваль-байқауы өтті

27-08-2018

«Асыл мұра» дәстүрлі қазақ ұлттық сәндік - қолөнер шеберлерінің фестиваль-байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 25 тамызы күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық сананың жаңғыруы  бағдарламасы негізінде, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» - жобасы аясында  халықаралық «Асыл мұра» дәстүрлі қазақ ұлттық сәндік - қолөнер шеберлерінің фестиваль-байқауы өтті. Байқауға көршілес Алтай Республикасыннан, Барнауыл халасынан және Монғолия, Өзбекстан елдерінен сондай-ақ Шығыс Қазақстан  облысының аудандары мен қалаларының қолөнер шеберлері қатысыты. Шараның ашылу салтанатында сөз алған Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков фестивалге қатысушыларды арнайы  құттықтап халықаралық деңгейде өтіп жатқан «Асыл мұра» дәстүрлі қазақ ұлттық сәндік - қолөнер шеберлері фестиваль-байқауының мәні мен мақызынна тоқталды. Фестиваль барысында көрмеге ұлттық нақышта айшықталған түрлі сәндік – қолөнер бұйымдары қойылды. Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің арнайы шеберлік сыныптары, ұлттық тағамдар байқауы ұйымдастырылды.  Шара қонақтары әр жерден келген қолөнер шеберлерінің көрсе көз тартар әсемдікте жасалған бұйымдарын тамашалауға мүмкіндік алды. Төлеухан Алмагул фестивальге қатысушы Монғолиялық қолөнер шебері: «Асыл мұра» дәстүрлі қазақ ұлттық сәндік - қолөнер шеберлерінің фестиваль-байқауына біз Монғолия елінің Баян –Өлгей аймағынан арнайы келіп қатысып отырмыз.  Біз үшін осындай өзіміздің қолдан жасаған бұйымдарымызды халыққа ұсынатын көрмелермен фестивалдердің көптеп ұйымдастырылғаны қуантады. Бүгінгі фестиваліге еш жерде көрмеге қойылмаған тың туындыларымызды әкеліп отырмыз. Шара соңында әділқазы алқаларының шешімімен фестиваль-байқауға қатысушылар арасынан үздік шыққандарға  бес номинациа бойынша  арнайы орындармен  көлемді ақшалай сыйлықтар табыстады. «Асыл мұра» дәстүрлі қазақ ұлттық сәндік - қолөнер шеберлерінің фестиваль-байқауының бас жүлдесін Катон – Қарағай  ауданы Еңбек ауылының тұрғыны Қазақстан қолөнер шеберлері одағының мүшесі, қолөнер шебері Г.Д. Қожамжарова иеленді. Қолөнер шеберлерінің қайталанбас ерекеш туындылары қойылған көрме жәрменкесі көпшілік көңілінен шықты.

 

[